#Жаңа Қазақстан

Amanat партиясы саяси тұғырнамасының жобасы талқыланды

Елордада Amanat партиясы Астана қаласы «Сарыарқа» аудандық филиалының «Тұран-Астана» университеті» бастауыш партия ұйымының кезекті жиналысы өтті.

Жиынға Amanat партиясы Астана қаласы «Сарыарқа» аудандық филиалы атқарушы хатшысының міндетін атқарушы белсенді партия мүшелері, бастауыш партия ұйымының өкілдері қатысты. Олар маңызды құжатқа қатысты ойларымен бөлісіп, Amanat партиясы Саяси тұғырнамасының жобасын талқылады. Жиында «AMANAT» партиясы Астана қаласы «Сарыарқа» аудандық филиалының кезектен тыс өтетін ХХХІІ конференциясына азаматтық ұстанымы белсенді партияластардан 2 делегат сайланды.

Жиналыс барысында Ұлттық қауіпсіздік, заң және тәртіп,экономика мәселелері, сонымен қатар мемлекетті басқару қағидалары да талқыланды. Сондай-ақ «Тұран-Астана» университеті бастауыш партиялық ұйымының атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.

Саяси тұғырнама –жаңа саяси құрал. Біз қоғамдағы өзгерістер мен сұраныстарға, Мемлекет басшысы алға қойған ауқымды міндеттерге бейімделіп, үнемі дамып отыруға тиіспіз. Amanat  елдің мұң-мұқтажын тыңдайды. Бұл тұғырнама – аса ауқымды, бірақ нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарлар жиынтығы, – деді Amanat  партиясы Астана қаласы «Сарыарқа» аудандық филиалы «Тұран-Астана» университеті» бастауыш партия ұйымының төрайымы Гүлжамал Жапарова.

Айта кетейік, Amanat  партиясының жаңа Саяси тұғырнамасы биылғы жылдың наурыз айында басталды. Ол – ауқымды партиялық трансформацияның бір бөлігі. Тұғырнамада Қазақстанның басты қоғамдық күшінің болашаққа деген көзқарасы, даму бағдарлары, ұстанымдары мен саяси мақсаттары қамтылған.

Жиын соңында партия мүшелеріне партиялық билеттер табысталды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button