Мәдениет

Әнге айналған ғұмыр

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры Тұңғыш ­Президент күніне орай «Шәмші» мюзиклін Мамандандырылған балалар үйінің қызметкерлеріне арнайы қойып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

[smartslider3 slider=1201]

Әйгілі қазақ композиторының өмірі мен шығармашылығынан көрініс беретін «Шәмші» мюзиклі белгілі тұлғаның күрескерлік, ғашықтық және композиторлық қырларын паш етеді. Ең бірінші болып құттықтау сөз алған театр директоры Асхат Маемиров жиналған көпшілікті айтулы мерекемен құттықтады. «Қазақтың ұлан-ғайыр кеңістігі Шәмшінің әндерімен тербеліп тұрады. Шәмші ән арнамаған елімізде өлке жоқ. Тіпті, біздің мемлекеттік Әнұранымыздың авторларының бірегейі. Бүгінгі қойылымда вокалдық инструменталды аспаптардың сүйемелдеуімен барлық әндер жанды дауыста айтылады. Шәмшінің рухани кеңістігіне бірге саяхаттап қайтайық. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын» деді театр директоры.

Спектакль барысында орындалатын Шәмші әндерінің әрқайсысы – автордың бір-бір ойы, өмірінде орын алған әр алуан оқиғасы. Әнге айналған тұлғаның әсерлі әлемі көрерменнің көңілін баурап, жүрек түкпіріндегі мейірімі мен махаббатын қозғап, ақыл-парасатпен апталған адамгершілік сынды асыл қасиеттерін оятты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button