Жаңалықтар

Ақпарат саласының үздігі атанды

Конституция күні қарсаңында әріптесіміз, «Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы Төлен Тілеубай «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Төсбелгіні «Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Президенті, ҚР Сенат төрағасының кеңесшісі Бибігүл Жексенбай тапсырды.

 

[smartslider3 slider=3838]

 

 

«Өзіңнің Құдай берген талантыңды, қабілетіңді үнемі қамшылап отыр» дегенді ұстанып, үнемі ізденіс үстінде шығармашылығын шыңдап жүретін Төленнің қазақ журналистикасында өзіндік орны бар.

Әр жылдары «Сана», «Ақ жол», «Қазақстан», «Жас қазақ үні», «Алтын орда», «Жас қазақ» газетінде жазған өміршең мақалалары идеясымен, мазмұнымен оқырманға орамды ой айтып, атқарушы билікке жөн сілтеді.

Ол журналистік зерттеулер мен сараптамалық мақалалар, жолсапар очерктерден бөлек, әлеуметтік ғылымдар магистрі ретінде ғылыми-публицис­тикалық мақалаларымен танымал.

«Аласапыран Америка», «Тәуелсіздік – тұмарым», «Цифрлық жолайрық: ­Қазақстан газеттерінің бүгіні мен ертеңі» атты кітаптардың авторы.

Қаламы жүйрік, ойы ұшқыр қаламгер халықаралық, республикалық байқаулар, фестивальдер мен форумдардың жүлдегері.

Бүгінде «Astana aqshamy» республикалық қоғамдық-саяси газетінің шеф-редакторы болып қызмет етіп, елдің және елорданың тыныс-тіршілігін ақпараттандыруға үлес қосып, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттауда белсенділік танытып келеді.

Төленнің тағы бір қыры – қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі ретінде қазақ журналистикасының дамуына, жаңа деңгейге көтерілуіне үлес қосуда. Әріптесімізді мерейлі марапатымен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button