Жаңалықтар

«АҚЫЛДЫ» ӘРІ ҚОЛАЙЛЫ ҚАЛА

ЕЛОРДА ӘКІМІ ӘСЕТ ИСЕКЕШЕВ АСТАНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНДЕ ЕЛОРДАҒА ГАЗ ЖЕТКІЗІЛЕТІН МЕРЗІМНІҢ ЖАҚЫН ҚАЛҒАНЫН АЙТТЫ. ОНЫҢ МӘЛІМЕТІНШЕ, ОСЫҒАН ҚАТЫСТЫ БАРЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР, СОНЫҢ ІШІНДЕ ЛОГИСТИКА ЖАЙЫ БІРШАМА ШЕШІМІН ТАУЫП ҚОЙҒАН.

– Біз Астананы газдандыру жөніндегі шешімнің орындалатын мерзіміне жақын қалдық, – деді Әсет Өрентайұлы форумның «Болашақтың «ақылды» және тұрақты қалалары» сессиясында. – Бұған қатысты көптеген экономикалық мәселелер, соның ішінде логистика жайы талқыланды. Жақын арада шешім қабылданатын болады, біз оның оң шешілетініне үміттіміз. Бұл мәселе бойынша маусым-шілде айларында кеңес өткізу ойда бар.
Қала басшысы, сонымен қатар, шаһарда қоғамдық көліктерді, автомобильдерді газға көшірудің жобасын жүзеге асыру басталғанын, табиғи газ құятын станцияның салынғанын айтып берді. Ал «Назарбаев университеті» газбен жылытылуға көшті.
Форумда барлығы әртүрлі форматтағы 40 сессия өтті. Оларда әлем экономикасы цифрлық жүйеге көшіруге, болашақтың «ақылды» және тұрақты қалалары туралы пікірталастар қызып, мемлекеттердің «жасыл» экономикаға көшу мәселелері кеңінен талқыланды.
Бұдан басқа, 100-ден астам шетелдік және отандық логистикалық компаниялардың қатысуымен халықаралық көлік-логистикалық форумы болып өтті. Форумда, тұтастай алғанда, 200 спикер сөз сөйледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button