Жаңалықтар

АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ ФИТНЕС

Елорданың орталық паркінде қаланың үздік нұсқаушыларының жетекшілігімен ашық аспан астында өткізілетін спорт жаттығулары жалғасын табады. Әкімдік әр жексенбі сайын таңғы сағат 10-нан 12-ге дейін Astana Fitness Park бұқаралық спорт жаттығуларын өткізеді. Апта сайынғы спорттық шараға ниет білдіргендердің барлығы қатыса алады.

Жескенбі күні таңертең спорт шұғылданып, белсенді өмір салтын ұстанатындар орталық паркте жиналады. Сабақтар денені ширатып шынықтыратын жалпы жаттығулардан басталады. Жиналғандар кардионұсқаушымен бірге ырғақты әуеннің сүйемелдеуімен іс-қимылдар жасайды. Бұл ересектерге де, балаларға да бірдей қызық.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button