Қоғам

ASTANA СLUB: Болашақты қалай құрамыз?

13-14 қарашада Назарбаев орталығында «Астана клубының» төртінші отырысы өтеді. Онда «2019 жылғы Еуразиядағы жаһандық сын-қатерлердің рейтингісі» халықаралық зерттеуі таныстырылады.

«Астана клубының» басты миссиясы – жаһандық беталыстарды талқылау және дүние жүзі мен Еуразия аймағына әсер ететін ең маңызды мәселелердің шешімін іздеу, сондай-ақ әлемдік саяси-сарапшылық аудиторияға Қазақ­станның ресми ұстанымын таныс­тыру. Биылғы «Астана клубының» жұмысына әлемнің 30 елінен, соның ішінде Австрия, Ауғанстан, Бельгия, Мысыр, Италия, Қырғыз­стан, Пәкістан, Польша, Португалия, Ұлыбритания, Үндістан, Индонезия, Иран, Испания, Қытай, Норвегия, Ресей, Сербия, Словения, Хорватия, АҚШ, Швеция және Жапония сияқты елдерден 50-ден астам спикер қатысады.
Клубтың панельдік отырыстарында Үлкен Еуразия болашағының түрлі сценарийлері, Еуразиялық экономикалық одақтың «Белдеу және жол» бастамасының даму перспективасы, сондай-ақ Орталық Азиядағы трансформацияның заманауи үдерістері қарастырылатын болады. Ұйымдастырушылар – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры және Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button