Білім

Астанада қанша мектеп пен балабақша салынады?

Жуырда өткен елорданы дамыту мәселелері жөніндегі жиналыста әкім Алтай Көлгінов қала мектептерінде шамамен 25 мыңдай орынның жетіспейтінін мәлімдеген еді. Сондай-ақ 14 мыңға жуық баланың балабақша кезегінде тұрғаны да белгілі. Осы проблемалардың қалай шешілетіні жайлы біз Білім басқармасының өкілдерінен сұрадық.14 мектепте оқушы саны шектен асады

Ведомство ұсынған ресми дерекке сүйенсек, бүгінде шаһардағы 14 мектепте оқушы саны нормадан артық. Оның ішіндегі 8-і, нақтырақ айтсақ, №13, 14, 27, 31, 40, 53, 59, 85 мектептер үш ауысымды режимде оқытуға мәжбүр (былтыр бұл көрсеткіш 5-еу болған-ды).
– Нұр-Сұлтан қаласын дамытудың бесжылдық кешенді жоспарында 37 жаңа мектеп пен 10 жанама құрылыс салу қарастырылған. Қазіргі таңда 5 объект салынып, пайдалануға берілді, – дейді Білім басқармасының Стратегия, талдау және цифрлық технологиялар бөлімі басшысы Жазира Асанова.
Маманның айтуынша, осы жылдың соңына дейін 2 мың орынға арналған 3 объектіні пайдалануға беру жоспарланған. Оның 2-уі қолданыстағы мектептердің аумағына салынатын жанама құрылыс болмақ (№64 мектепке – 425 орындық, №28 мектепке 300 орындық жанама құрылыс). Ал №31 көшенің оңтүстігіне және Нұра-Есіл каналының шығысына қарайғы аумақта 1200 орындық су жаңа мектеп ашылады.
Сондай-ақ 2020 жылы 9400 орындық 12 объектінің құрылысы аяқталады, оның 5-еуі – жанама ғимараттар.

Қалада 377 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның 94-і – мемлекеттік балабақша, 3-еуі – ведомстволық балабақша, 43-і – шағын орталық, 237-сі – жекеменшік балабақша.

14 мыңға жуық бала балабақша кезегінде тұр

Ал балабақша жайына келсек, Білім басқармасы қызметкерлері елорда бойынша балабақша жасындағы балалардың 96 па­йызы мектепке дейінгі мекемемен қамтылғанын алға тартады. Олардың 40 пайызы мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін жекеменшік балабақшаларға барады. Шамамен 14 мыңға жуық бала кезекте тұр.Елордада жалпы білім беретін 88 мектеп, 1 республикалық мектеп (Республикалық физика-математика мектебі), 3 Назарбаев зияткерлік мектебі, 17 жекеменшік мектеп бар.

2019-2021 жылдар аралығында астанада 4 мектепке дейінгі ұйым пайдалануға беріледі. Оның 1-еуі мемлекеттік-жекеменшік әріптес­тік шеңберіндегі 360 орындық балабақша болса, 2-уі – ұлттық компаниялармен жасалған меморандумға сәйкес бой көтеретін 480 орындық 2 балабақша. Ал қалған 1-еуі – көру қабілеті бұзылған балаларға арналған 90 орындық балабақша. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда ерекше қажеттілігі бар балалар үшін 2 арнайы балабақша (тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар балаларға арналған №64 «Асыл бөбек» арнайы балабақшасы, көру қабілеті бұзылған балаларға арналған №23 «Алтын бесік» балабақшасы) жұмыс істейді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button