Қала мен Сала

Астанадан ауылға дейін…

Қызылорда облысы

Биыл Қызылорда облысы Шиелі ауданында 1200 бас ірі қара фермасын іске қосып, өңірдегі табиғи сүт өндіру үлесін арттыру жоспарланып отыр. Ал алдағы 2019 жылы сүт комбинатының құрылысы басталмақ.

Алматы

Алматы цифрландыру бойынша қалалар арасындағы дүниежүзілік рейтингте 25-орыннан көрінді. Талдау нәтижесі көрсеткендей, үлкен қалада қауіпсіздік мәселесі өте өзекті. Оның басты себебі көші-қон көрсеткіші өте жоғары. Ал қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында цифрландыру ісін белсенді қолға алып жатыр.

Ақтөбе

Еліміздің бес өңірінен 100-ден аса талапкер «Серпін» әлеуметтік жобасы арқылы Ақтөбедегі жоғары оқу орындарына қабылданды. Өткен жылы осы жоба бойынша 134 студент білім алған. Олар педагогика саласының 14 бағыты бойынша оқыған, ал биыл педагогика саласына қоса, техникалық мамандықтар да қолжетімді бола бастады.

Ақтау

Ақтауда ашық аспан астында амфи­театр ашылды. Кең, заманауи үлгідегі ерекше сахнаның ұзындығы 70 метрді құрайды, сондай-ақ биіктігі 9 метр болатын 19 бағанасы бар. Саxна «Led-панельмен», соңғы үлгідегі жарық техникаларымен жабдықталған. Бұл орында бір мезетте 1000 өнерпаздың өнер көрсетуіне жағдай жасалған. Ал оларды 25 мың көрермен тамашалай алады.

Түркістан облысы

Түркістан облысында Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» облыстық ән байқауының іріктеу кезеңі өтті. Ұлы композитор атын ұлықтайтын дәстүрлі өнер додасының аудан, қала деңгейінде өткен бірінші кезеңіне 200-ге жуық үміткер өтініш білдіріп, оның ішінен 56 үміткер облыстық байқауға жолдама алған. Өнер бәйгесіне 15-29 жас аралығындағы үміткерлер бақ сынады.

Қарағанды облысы

Нұра ауданындағы шаруа қо­жалықтары картоп өсіру жұ­мысында сандық технология­лардың толық кезеңін енгізді. Мұнда 237 мың гектар алқапқа дәнді дақылдар егілсе, соның 922 гектарына картоп салынған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 22,6 пайызға артқан.

Павлодар

Павлодардағы Ертіс өзенінің жағажайы көркейіп, тағы бір шақырымға ұзартылатын болды. Игілігі мол істің нәтижесінде жергілікті халықтың демалыс орны бес шақырымға созылмақ. Бұл жобаға демеушілер қауымы 1 млрд 300 млн теңге бөліп отыр.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button