Қала мен Сала

Астанадан ауылға дейін…

Астана
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында «Түнгі сот» пилоттық жобасы іске қосылды. Онда кешкі сағат 18:30-дан бастап түнгі 22.00-ге дейін жол-көлік ережесін бұзуға қатысты әкімшілік істер қарастырылады.

Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкентте Астана қаласы­ның 20 жылдық мерекесіне орай «Бекет батыр» арбаты ресми түрде ашылды. Оның ұзындығы – бір шақырым шамасында. Мұндағы 3600 шаршы метр аумақ көгалдандырылып, 2000 шаршы метр жерді жаяу жүргіншілерге арналған жолға айналдырды.

Алматы
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университе­тінде латын графикасының орталығы ашылды. Оның тұсауын ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова кесті. Бұл жобаны жүзеге асыруға 16 млн теңге жұмсалмақ.

Шығыс Қазақстан облысы
Үржар ауданының жастары қасиетті Рамазан айында «Қайырымдылық пен жомарттық» атты кеш ұйымдас­тырып, жиналған қара­жатқа бірнеше отбасыға кө­мек көрсетті.

Павлодар облысы
Павлодарлықтар «Өзгеше сен» республикалық шарасын қолдап, жағалауда таңертеңгілік гимнастика жасайды. Қала тұрғындары күнделікті жаттығуды сағат 9:30-дан бастайды. Шара 21 маусымға дейін жалғасады.

Қостанай облысы
Қостанайдың тәртіп сақшылары қылмыстық істерді элек­тронды форматта жүргізе бас­тады. Қылмыс процесін цифр­ландыру айғақтарды жинау жұмысын оңтайландырып, іс жүргізу құжаттарын дайындауға, шығын мен жүктемені азайтуға көмектеседі.

Ақтөбе облысы
Хромтауда «Биос» медициналық орталығы бой көтерді. Ауданда ашылған мекемеде
15 науқас ем алып жатыр. Бұ­рын тұрғындар облыс орталығына келіп емделуге мәжбүр болатын.

Ақмола облысы
Бурабай курорттық айма­ғында «Qulager-Burabai» емдiк-асханалық суы таныс­тырылды. Бұл шипалы су Көк­шетаудың қырқасындағы «Құлагер-Арасан» кен орнында шығарылады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button