Жаңалықтар

Астананың құрылыс саласында қайғылы жағдайлар жиілеп кетті.

Жұмысшылардың қауіпсіздігін қалай күшейткен жөн?

Барат Дұзақбаев, Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары:
– Елордада соңғы алты ай ішінде құрылыс және жөндеу жұмыстары кезінде 33 қайғылы оқиға тіркелді. Төрт адам қаза болды. 29 азамат түрлі деңгейде жарақаттанды. Менің ойымша, әр адам өз өміріне жауапкершілікпен қараған жөн. Өйткені, төтенше жағдайлар қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан болады.

Ринат Аманғұлов, экономист:
– Құрылыста арнаулы білімі жоқ жұмысшылар көп. Оларды дәрігердің рұқсат қағазынсыз да қабылдай береді. Еңбекті қорғайтын нұсқаудың жоқтығы былай тұрсын, құрылысшылар арнаулы киім кимей жұмыс істейді. Сондықтан, еңбек қауіпсіздігін қорғайтын мемлекеттік инспекторлар жеке және заңды тұлғаларды жиі тексеріп, әкімшілік жауапкершілікті күшейтсе екен.

Сүндет Айтөреев, құрылысшы:
– Астанада техника және еңбек қауіпсіздігін дұрыс сақтамайтын құрылыс компаниялары бар. Дегенмен, жұмысшылардың өздері қауіпсіздік ережелерін елемейді. Мәселен, строп арқанды тақпай-ақ немесе келесі қабатқа көтерілу үшін терезе арқылы шығып кететін жағдайлар кездеседі. Соңы кісі өліміне әкеледі. Адам тағдыры ойыншық емес. Әрбір құлаған азаматтың артында жары, бала-шағасы қалады. Әрине, кез келген нысан мемлекет тарапынан бақылауға алынғаны жақсы.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button