Елорда тынысы

Ат спорты кешені ашылады

Нұр-Сұлтанда қыркүйек айында елорда тұрғындары мен қала қонақтары үшін иппотерапия әдісімен мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтуға арналған жаңа ат спорты кешені ашылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов мәлім етті.

[smartslider3 slider=3598]

«Мұнда төбесі жабылған манеж, ашық трибуналар, конкурс және жаттығуларға арналған алаңдар салынып жатыр. Әріптестеріммен бірге бүгін құрылыс барысымен танысып қайттым. Емдеу кабинеттері, олардың жабдықталуына ерекше назар аудару қажеттігін ескерттім. Сонымен қатар иппотерапиямен ем қабылдаушыларға барынша жағдай жасау үшін қосымша кеңейтілген оңалту орталығын ашу қажеттігі де назардан тыс қалмады» деп жазды Е.Каналимов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. Оның айтуынша, елордада мұндай ем-домға шамамен екі мыңға жуық адам мұқтаж. Бұл әдістің елімізде тиімділігі дәлелденіп, оң нәтиже беріп отыр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button