Sport

Бәсеке деңгейі биік

Астанада бокстан VІ Қазақстан Рес­публикасы Президентінің кубогы үшін өтетін халықаралық турнир жалауын көтерді. Биылғы жарыста 15 елдің боксшылары өнер көрсетеді.

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы аясында өтетін айтулы жарыстың деңгейі жыл сайын артып келеді. Биылғы турнирде әйелдер боксын да көретін боламыз. Бұрымды боксшылар төрт салмақта қолғап түйістіретін болады. Ал ерлер арасындағы 10 салмақта өте тартысты жекпе-жектер болатыны қазірден-ақ белгілі болып отыр.
Турнирдің ашылу салтанатында Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Биыл алтыншы рет өтіп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы турниріне бірнеше Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері, сонымен қатар әлем біріншіліктері мен құрлық чемпионатының жүлдегерлері қатысуда. Бұл – жарыстың халықаралық деңгейінің жоғары екенін білдіретін көрсеткіш. Биыл біздің Астанамыз өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осы жарыс та сол мерейлі мерекенің аясында өткізіліп отыр. Сондықтан баршаңызға қала басшылығы атынан Астанаға қош келдіңіздер демекпін. Шаршы алаңда сіздерге сәттілік тілеймін, – деді елорда әкімінің орынбасары Е.Аманшаев.
Жарыс «Дәулет» спорт кешенінде күн сайын сағат 13.00-де басталады. Президент кубогының жеңімпаздары 10 маусым күні финалдық жекпе-жектерде анықталады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button