Жаңалықтар

БЕЛСЕНДІЛЕР АЛҒЫС АЛДЫ

Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев бір топ этномәдени орталық өкілдерімен кездесті. 
KBB_8775

Ермек Әмірханұлы Қазақстан Республи­касының ел бірлігін нығайту, бейбітішілік пен келісімді сақтау және рухани мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін «Таң» татар-башқұрт этномәдени орталығының төрағасы Р.Валиевке, «Хазар» азербайжан мәдени орталығының жетекшісі В.Агаевқа және өзбек мәдени орталығы төрағасының орынбасары Х.Шариповке «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалін табыс етті.
Қазақстан халқы ассамблеясының Құрмет грамотасы Астана қаласы Қазақ­стан халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі Р.Нұртазина мен күрд этномәдени орталығының жетек­шісі Ш.Фатоевқа берілді. Ал қоғам қайраткерлері Я.Исмаилов, Н.Шепелюк, Х.Мациева Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен марапатталды.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button