Жаңалықтар

Бес жылда 197 шақырым жол салынады

Алдағы бес жылда Астанада 197 шақырым тас жолдарды салу жоспарланып отыр. Жол құрылысының ішіндегі аса маңызды жоба – Есілдің сол жағалауын, ЭКСПО-қалашық және жаңа теміржол вокзалы аудандарын байланыстыратын Ұлы Дала көшесі.

Бұған қоса, Кенесары көшесін Күмісбеков көшесінен бастап Кіші айналма жолға дейін, Бейсеков көшесіне дейін, Сейфуллин көшесін Пушкин көшесіне дейін және Асанқайғы көшесін Тәшенов көшесінен бастап Бөгенбай батыр даңғылына дейін ұзарту жоспарланған. «Осы мәселеге кешенді түрде қарап отырғанымызды ескеретін болсақ, мұндай жоспар қаладағы көліктерге қатысты ахуалды түбегейлі өзгертеді» дейді Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун.
Ол Президенттік саябақты жөндеуге қатысты әкімдіктің жұмыс жоспарларымен бөлісті. Осыдан 15 жыл бұрын салынған саябақтың аумағында қазір белсенді құрылыс жүргізілуде. Бұл жұмыстар соңғы екі-үш жылда аяқталады. Осыны ескере отырып, саябақты толықтай жөндеуден өткізу жобасы жасалған. Бұл – Тәуелсіздік сарайы, «Шабыт» музыкалық акаде­миясының ауданы. «Біз әділ, ашық шешім қабылдап, жаңа идеяларға назар аудару мақсатында байқау жарияладық. Өтініштер 2018 жылдың соңына дейін қабылданады. Алдын ала мәліметтер бойынша, осы байқауға 20-дан аса фирмалар өтініш берген. Байқаудың қорытындысы бойынша, саябақ тұжырымдамасының жеңімпазын анықтаймыз. Одан кейін жобалық-сметалық құжаттар дайындалады. Келер жылдан бастап іске кірісеміз» деп түсіндірді Сергей Хорошун.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button