Жаңалықтар

Бұқаралық ұйым мерекесі

Қазақстан Республикасы кәсіподақ қыз­меткерлері күніне орайластырылған бұқаралық мереке-думан өтті. Елорда әкімдігінің қолдауы­мен өткен мереке бағ­дар­ламасы ауқымды болды.

Қа­ла тұр­ғындары мен меймандары мере­келік дастарқаннан дәм та­тып, спорт сайыстарына қа­тыс­ты. Мереке соңы кон­церт­ке ұласты. Осы күні кә­сіп­одақ қатарына кіруге өті­ніш бергендердің де саны аз бол­мады. Жиналған қауым ал­дын­да ҚР Кәсіподақтар феде­­ра­ция­сының төрағасы Ә.Құ­сайынов сөз сөйледі. Ол сала­­да­ғы өз­ге­рістерге тоқта­лып, «Кәсіптік одақтар туралы» Заң жобасы Парламент қа­рауы­на жіберілгені жөнінде айтты.
Қазіргі уақытта Қазақстанда республикалық дең­гей­­де 26 салалық және аймақтарда 4 облыстық кәсіп­­одақ жұмыс істейді. Кәсіподақтар федер­ация­сы­­ның 2,1 млн жуық мүше­сі бар. Соның ішінде 1,1 мил­лио­ны білім және медицина сала­сында қызмет етсе, 5 мыңы – сту­дент­тер мен зей­нет­кер­лер. Кәсіп­одақ­тардың қалған мүше­лері – экономика секто­ры­ның қыз­меткерлері.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button