Денсаулық

Дерттен сақтану өз қолыңда

Бүгінгі таңдағы  өзекті  түйткілдерінің бірі –  СПИД дертін тудыратын ВИЧ инфекциясы. Белгілі мәліметтер сүйенсек қоғамда пайда болғаннан бері эпидемия 30 млн астам адамның өмірін жалмаған екен. Осы дертпен күн сайын әлемде 5500 адам көз жұматын көрінеді.  Сондықтанда қазіргі қоғамға  жұқпаның таралуының алдын алу – бүгінгі күнгі басты міндеттердің бірі болып отыр.  Осы тұрғысынан да қоғамның назарын аударту үшін белгілі бір күндер белгіленген. Солардың бірі – ЖИТС-н қаза болғандарды еске алу күні. Осы сала мамандарының айтуынша бұл күн 1983-жылдан бері мамыр айының үшінші жексенбісі әлемдік деңгейде белгіленетін айтулы күндердің бірі болып есептеледі.   Мақсаты – негізі  мақсаты АИТВ/ЖИТС-ң таралуына қоғамның назарын аудару, тұрғындарға, оның таралу жолдары туралы толыққанды ақпарат беру. Және АИТВ-жұқтырғандарды әлеуметтік қорғау,  ауруды емдеу және алдын алу» деп тоқталып өтті Астана қаласы  ЖИТС орталығының Бас дәргерінің орынбасары Салтанат Берікқызы. Осы айтулы күнге орай орталық мамандарының ұйымдастыруымен «Туран» колледжінде ауқымды іс-шара өткізілді. Оған қатысушылар мамандар кеңесін тыңдап,  адамның қанында АИТВ-ның бар-жоғын жедел анықтайтын экспресс-тестілерден өтті. «Мен бұл шара туралы кездейсоқ естіп келдім, міне, жедел тестден өтіп қан құрамымды анықтатым, көкейде жүрген сауалдарыма жауап алдым. Біз сияқты қарапайым тұрғындар үшін осындай жұмыстар көптеп атқарылса екен»-деп тілегін білдірді шараға қатысушы қала тұрғыны Б.Бозжигитова. Расымен де  дауасы жоқ дерттің алдын алудағы басты шараның бірі  бұқараға СПИД-тің залалы мен жұғу жолдары туралы ақпарат беру екенін ескерсек, осындай кездесулер жиі өткізілгені абзал дер едік. Ал мамандардың айтуынша күн бүгін ғана емес, өз болашағына алаңдайтын кез келген тұрғынның  қалалық ЖИТС Орталығына келіп қалаған уақытында АИТВ-ға тексерілуіне және мамандардан кеңес алуларына жағдай жасалынған. «Әр кез есігіміз ашық » дейді. Бүгінде Астанада осы дерттке шалдыққандар саны 762 адамға жеткен екен. 2014 жылдың өткен төрт айы ішінде қаламызда АИТВ инфекциясын жұқтырудың жаңадан 52 жағдайы тіркеліпті. Бұл көрсеткіш мамандарды алаңдатуда. Көңілге бір медеу болатыны – қазіргі таңда  өз еріктерімен   келіп, қан құрамдарын тексертіп мамандардың кеңесіне жүгінетін тұрғындар саны көбейген.

Қ. Тоқтамұрат

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button