Қала мен Сала

Екі қолға бір күрек табылады

Биыл елордада 22 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады. Қазіргі уақытта елордада жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрап отыр. Бұл туралы қала әкімдігінде өткен брифинг барысында Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Азамат Байтасов мәлімдеді.

[smartslider3 slider=2207]

 Орталық басшысының айтуынша, өткен жылы 7 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа, 200 адам «Жұмыспен қамту» жол картасы арқылы жұмысқа орналас­тырылған.

«2021 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 23 мыңнан астам адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс-шараларына қатысады. «Жастар» тәжірибесімен 914 адам қамтылып, әлеуметтік жұмыс орындарына – 185, қоғамдық жұмыстарға 2848 адам жіберілді. «Алғашқы жұмыс орны» жобасына – 91, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына 2 адам қатысты. 213 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен білім алып, 91 пайызы жұмыспен қамтылды. «Бастау бизнес» жобасы бойынша 1384 адамға кәсіпкерлік негіздерін оқытуға жолдама берілді. Оның ішінде 503 адам мемлекеттік грант алды. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау аясында 92 бизнес­ке несие берілді. Жалпы білім беретін мектептердің 9-сынып оқушылары арасында әлеуметтік кәсіби бағдарламамен қамтылғандар саны 8235 адамды құрады. Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру мақсатында 10 арнайы жұмыс орны құрылды» деді ол брифинг барысында.

«Жұмыспен қамту» жол картасы аясында 2021 жылы 14 инфрақұрылымдық жоба іске асырылып, 635 жұмыс орны құрылды. Бұл бағдарлама қатысушыларының орташа жалақысы 115 мың теңгені құрады. Орталық I тоқсанда – 3773 отбасына, II тоқсанда – 3302 отбасына, III тоқсанда – 2992 отбасына, IV тоқсанда 2909 отбасына АӘК тағайындады.

Халықты жұмыспен қамту орталығында 3823 адам жұмыссыз, оның ішінде 915 жас есепте тұр. Жыл басынан бері 1614 адам жұмысқа орналасты. Оның ішінде 558-і – жастар. 2022 жылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 22 мыңға жуық адамды тарту жоспарланып отыр. Оның ішінде 7150 адамды тұрақты жұмыс орындарына орналастырады.

Елордада жастар тәжірибесіне қатысушылардың да еңбекақысы артады. Яғни биылдан бастап тәжірибеден өту мамандарының жалақысы 122 мың теңгені құрайды. Ал тәжірибеден өту мерзімі 6 айдан 1 жылға дейін ұзарады. «Жастар» тәжірибесіне 998 адам жіберіледі. Қазіргі таңда бұл бағдарлама аясындағы жалақы 122 мың теңгені құрайды. Алғашқы жұмыс орнына 179 адам жіберіледі. Мемлекет тарапынан төленетін жалақы мөлшері 91 мың теңге болып отыр. Сонымен қатар биыл «Ұрпақтар келісімшарты» бағдарламасы іске асады.

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы жиырма тоғыз жасқа толмаған, оның ішінде NEET санатындағы және жұмыс тәжірибесі жоқ түлектерге арналған. Қалалық Жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Талғат Есімовтің айтуынша, қатысу мерзімі 18 айдан аспайды.

«Жастар тәжірибесі түлектердің алған мамандығы бойынша оқуды аяқтағаннан кейін 3 жыл ішінде бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтауына арналған. Жалақыны мемлекет төлейді. Бұдан басқа, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысушылардың жалақысы 30 АЕК-ке дейін немесе 91 мың теңгеге дейін өседі» деді Талғат Есімов.

2022 жылдан бастап жаңа бизнес-­идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант сомасы 200-ден 400 АЕК-ке дейін артады. Бұл 1225200 теңгеге тең.

 

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button