Қала мен Сала

ПТР-тестіні кімдер тапсырмайды?

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бизнес­ке қатысты шектеу шараларын жеңілдетуді мақұлдады.

[smartslider3 slider=2206]

Бизнес үшін Ashyq бо­йынша «жасыл» және «көк» мәртебесі бар адамдар үшін эпидемиологиялық қатердің «жасыл» және «сары» аймақтарында шектеусіз, «қызыл» аймақта толымдылығы 70 пайызға дейін шектеумен рұқсат етіледі. Ал тұрғындар үшін, егер екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспаса, ревакциналаудың немесе вакциналаудың толық курсын алған Қазақстан азаматтары үшін елге кірер кездегі міндетті ПТР-тестілеу тоқтатылады. ПТР-тестсіз вакциналау паспорттарын өзара мойындайтын шетел азаматтарына елге кіруге рұқсат етіледі. Ауру белгілері болмаған жағдайда науқаспен байланыста болған адамдарды үй карантиніне оқшаулау тоқтатылады. Мүмкіндігі шектеулі адамдар мен 50 жастан асқан адамдарды ревакциналау кезінде, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды вакциналау үшін, сондай-ақ вакцинаның бірінші компонентін Қазақстаннан тыс жерлерде алған адамдардың вакциналау курсын аяқтауы үшін «Pfizer» вакцинасын қолдану рұқсат етіледі.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button