ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Екпе алғанға – екі бөлмелі пәтер

Нұр-Сұлтанда екпе алғандар арасындағы екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны бүгін сағат 14:10-да «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде өтеді.
 

Екі бөлмелі пәтер Сарыарқа ауданында, Есіл өзенінің жағасынан 900 метр қашықтықтағы «Рио-де-Жанейро» тұрғын үй кешенінде орналасқан. Демеушісі – «G-Park» құрылыс компаниясы. Екі бөлмелі пәтердің автоматты ұтыс ойынына 2021 жылдың 25 маусымы мен 28 қыркүйегі аралығында қалалық вакцинация нүктелерінің кез келгенінде, медициналық мекемелерде, сауда, ойын-сауық орталықтарында екпенің бірінші компонентін алған 18 жастан асқан тұрғындар қатысады. Сонымен қатар тікелей эфирде үш iPhone12, тоңазытқыш, теледидар, қысқа толқынды пеш, шаңсорғыш, үтік, фен және тағы басқа бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button