Елорда тынысы

Елді мекендердің ертеңі

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов «Көктал-1», «Көктал-2», «Нұр-бесік» шағын аудандарының тұрғындарымен кездескен кезде қала төңірегіндегі елді мекендерді дамыту және абаттандыру туралы айтты.

[smartslider3 slider=1801]

– Елді мекендеріміз жүйелі түрде дамып келеді. Қаламызда 16 елді мекен бар, елордамыздың әрбір төртінші тұрғыны осы елді мекендерде тұрады. Қала маңына 13,5 км инженерлік желі, 5 км-ден астам кәріз және су құбыры, 3 км-ден астам нөсер кәрізі салынды.

«Нұр-бесік» шағын ауданында 200-ден астам үй орналасқан. Бұл шағын ауданға орталықтандырылған су және электр жабдықтау жүйесі қосылды, сол сияқты трансформаторлық қосалқы стансалар орнатылды. Сонымен қатар, 9 елді мекенде газ тарату желісі іске қосылды, 2 жыл ішінде елді мекендерде 160-тан астам көше салынды, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер абаттандырылды, ал «Көктал» елді мекенінде қала тұрғындарына арнап үлкен саябақ ашылды. «Көктал» мен «Өндіріс» елді мекендерінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынды. Дәл осындай кешендер «Үркер» (Ильинка), «Теміржолшылар» елді мекендерінде де болады. «Мичурин» елді мекенінде алғаш рет мектеп салынды, бұрын оқушылар арнайы бейімделген орындарда білім алып келген болатын, – деді қала әкімі.

Алтай Көлгінов қаланы дамыту жоспарынан шет аймақтар әрқашан шет қалмайтынын атап өтті. «2022 жылы төрт елді мекенде 4 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Сол сияқты 2022 жылы «Интернациональный» елді мекенінде алғашқы медициналық көмек орталығы салынады, ал 2024 жылға дейін екі отбасылық денсаулық орталығы екі өндірістік және өнеркәсіптік елді мекендерде салынады. Елордалықтармен кездесуде атқарылған жұмыстар туралы айтылды, сол сияқ­ты елді мекендерді одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар мен идеяларын тыңдадық. Қала тұрғындары көтерген мәселелер қатарында жарықтандыру, абаттандыру, әлеуметтік нысандар, жол салу, инженерлік желілер жүргізу, көгалдандыру және т.б. мәселелер бар. Осындай бетпе-бет форматта аудан, елді мекен тұрғындарымен тұрақты кездесіп тұрамыз. Бұл бізге қала тұрғындарымен өзара байланысты күшейтуге көмектеседі, сол сияқты елордалықтардың қажеттіліктері ескеріледі әрі бұл елді мекендердің дамуына оң әсер етеді» деді елорда әкімі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button