#Жаңа Қазақстан

Елдік пен тұтастық сынға түсті

Мәжіліс төрағасы Ерлан ­Қошанов қаңтар қасіреті туралы жиында осындай ой-пікірін ашық айтты.

[smartslider3 slider=2427]

 

«Жыл басында еліміз үшін үлкен сынақ болды. Бейбіт тұрғындар зардап шекті. Елдігімізге қауіп төнді. Осы сын сағаттарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шұғыл да жедел шешімдер қабылдап, елді осындай ауыр соққыдан алып шықты. Жағдай қысқа мерзімде тұрақталды» деді Е.Қошанов. Ол отырыста сөз сөйлеген азаматтар Президенттің табанды шешімдерінің арқасында мемлекеттілігімізді сақтап қалғанын қоштады.

«Уақыт өте келе бұл елдік пен тұтастықты сақтап қалу үшін жасалған бірден-бір қадам екенін түсініп отырмыз. Бүгін біз қаңтар оқиғасын осындай кең форматта алғаш рет талқыладық. Әрине, мән-жайды толық анықтау үшін әлі де біраз уақыт қажет. Заңдылық тұрғысынан барлығы мінсіз болуы керек. Асығыстық танытуға болмайды. Себебі таразы басында адам тағдыры тұр. Бұл жөнінде Президенттің кінәсіз адам жазаға тартылмауы тиіс, ал қызметкерлер қатаң жазасын алуы керек деген тапсырмасы бар. Ол тапсырма мүлтіксіз орындалуы керек. Осы мәселелер үнемі депутаттардың бақылауында болуы тиіс» деп сөзін түйіндеді Мәжіліс төрағасы.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button