Жаңалықтар

Елге қызмет ету – абыройлы міндет

Кеше ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрі Талғат Донақов халық алдында есеп берді. Кездесуде ол өзі басқаратын министрліктің бүгінге дейін атқарған жұмыстары мен алдағы жоспары жөнінде баяндады.

100_naktyi_kadam

Елбасының кәсіби мем­лекеттік аппарат құруға байланысты жүктеген тапсырмаларына сәйкес, биылғы жылдың басынан бастап мемлекеттік қызмет саласы қайта жаңарып, жаңа заң қабылданғаны белгілі. Бұл өзгерістер экономикалық реформаларды сапалы іске асырып қана қоймай, сыбайлас жемқорлықпен күрес шараларын күшейтуге де ықпал етпек. Сондай-ақ, жаңа талаптар мемлекеттік қызметшінің ел алдындағы беделін көтеріп, абыро­йын асырады деген сенім бар. Реформаның маңызы мен ерекшелігіне кеңінен тоқталған министр мем­лекеттік қызметтегі бүгінгі кадрлар барлық талапқа сай екенін атап өтті.
Талғат Донақов есептік кездесуінде төменгі лауа­зымдарға кандидаттарды іріктеу және одан әрі лауазымдық өсу жөнінде, конкурстық іріктеудің ерекшелігі мен тестілеуді ұйымдастыруға қатысты өзгерістер туралы да әңгіме өрбітті. Министрдің айтуынша, мемлекеттік қызметшілердің жалақы көлемі де артып, оларды әлеуметтік жағынан қам­тамасыз ету кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. «Соңғы рет еңбекақы 30 пайызға кө­бейді. Бұған қоса, «Мем­лекеттiк қызмет туралы» жаңа заң бонустар мен үстемелер төлеу мүмкiндiгiн де қарастырады. Бүгiнгi таңда мемлекеттiк қызметке бағалау жүйесi енгiзiлгенін ерекше атап өткен жөн. Қазiр ол бейiм­делу кезеңi сатысында. Келесi жылдан бастап жүйенi толыққанды iске қосуды жоспарлап отырмыз» деді ол.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрі мемлекеттік қызмет саласындағы статистиканы да жария етті. Оның мәліметінше, қазіргі күні мемлекеттік қызмет саласында 99 мың адам еңбек етеді. Олардың 48 пайызы – әйелдер.
Мұнда жұмыс істейтін «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің қатары да артып, соңғы үш жылда олар­дың саны 39 пайызға көбейіпті. «А» корпусында – 493, саяси мемлекеттiк қызметкерлер корпусында 422 адам бар. Мемлекеттiк қызметкерлердiң орта жасы – 35.
Ал мемлекеттік қызмет саласында әзірге 7 мыңнан аса бос орын тұр.
Министр әрбір мем­ле­кеттік қызметкердің негізгі міндеті елге адал қызмет ету екендігін, осы салада жүргендер мемлекеттің дамуына үлес қосатынына сенім білдірді. Баяндамадан кейін еліміздің түкпір-түкпіріндегі тұрғындар көкейінде жүрген сауалдарын министрдің өзіне онлайн режим арқылы тікелей қойып, тиісті жауабын алды.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button