Жаңалықтар

Елордада «нөлдік төзімділік» ұстанымын қалыптастыру мақсатында ашық сот отырысы өтті

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының «Астана» станциясында қоғамда орын алып отырған заң бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» ұстанымын қалыптастыру мақсатында ашық сот отырысы өтті.

KBB_0799

Аталмыш мекеме жұмысшыларының қатысуымен өткен сот отырысында мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Әйгерім Садуақасова ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабына қатысты 20 әкімшілік іс қарады. Сот отырысынан кейін ресми органның өкілдері станса жұмысшыларымен әңгімелесіп, ұсақ құқық бұзушылықтың жауапкершілігі туралы түсіндіріп берді.

«Темір жол вокзалы – елорданың қақпасы. Еліміздің бас шаһарына келген әрбір адамның алғашқы әсерлері осы жерден басталады. Тәртіп бұзушылыққа жол бермей, қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында көпшілік орындарында теріс қылықтар көрсетіп, тәртіп бұзғандарды да назардан тыс қалдырмаймыз.

Басты мақсатымыз – қоғамда нөлдік төз­беушілікті қалыптастыру. Мұндай ашық сот отырыстары тұрғындарды ұсақ құқық бұзушылық жасаудан тежейді және айналасындағы азаматтарға да басқа көзбен қарап, олқылық орын алған жерде тәртіптің сақталуын талап ететін болады», – дейді Сарыарқа ауданы ІІБ Жергілікті полиция қызметі №20 учаскелік полиция пунктінің учаскелік инспекторы, полиция капитаны Арнұр Маханов.

 

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button