Жаңалықтар

Елордалар ендігі

Астана. Астанада студенттік ұйымдардың ІІ слетіне қатысушылар шетелдерде оқитын қазақстандық жастарды біріктіретін студенттік ұйымдардың біртұтас қауымдастығын құру мүмкіндігін талқылады. Слет қатысушыларының пікірінше, бұл ұйымның негізгі міндеті шетелде білім алудың алғашқы күнінен бастап студенттерге қолдау көрсету және еліміздің ұлттық мәдениетін ілгері жылжыту болуы тиіс.

Осло. Норвегия премьер-министрі Йенс Столтенберг маусым айында бір күн таксист болып астыртын жұмыс жасаған. Премьердің айтуынша, ол 2013 жылдың қыркүйегінде болатын парламенттік сайлаудың алдында қарапайым норвегтермен шүйіркелесіп, жай-күйін білмек болған.
Бағдад. Иракта болған лаңкестікте 12 автокөлік жарылып, салдарынан 57 адам қаза тапты. 150-ге жуығына медициналық көмек қажет болды. АҚШ-та бұл оқиғаны «Әл-Каиданың» Сириядағы жасақтарының лаңкестік ұйымдастыру тәсіліне ұқсас екендігін айтуда.
Баку. Әзірбайжанның Орталық сайлау комиссиясы отырысында сенбі күні үкімет басындағы «Ени Әзірбайжан» партиясынан үміткер ретінде партия төрағасы, Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевтің кандидатурасы бекітілді.Бұған дейін алты үміткердің құжаттары ұсынылған болатын.

Еркежан Сәтімбек

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button