ЖаңалықтарҚала тіршілігі

ЕНДІ ҚОҚЫС СҰРЫПТАЛАДЫ

0011

Бүгін Астанада тұрмыстық қалдық түрлерін бөлек жинау бойынша жобаның тұсауы кесілді. Бұл туралы «Астана-Тазарту» ЖШС бас директоры Иван Лавриненко хабарлады.

– Біз аталмыш мәселені толықтай түсініп, сауатты қарастыру үшін екі жыл бұрын пилоттық жобаны жүргізгенбіз. Соның аясында 4-5 ай бойы әр қалдық түрлеріне арналған контейнерлерді орнаттық. Яғни, пластик, қағаз және шыны материалдар бөлек тасталуы тиіс. Алайда ісіміз өнбеді. Енді біз аулаларға пластик салынатын контейнерлер қоймақпыз. Алғашында 50 тұрғын үй кешеніне, ал жыл соңына дейін елордадағы барлық 588 тұрғын үй кешеніне орнатамыз. Контейнер алаңқайларының жалпы саны 686 болады, – дейді И. Лавриенко.

Компания басшысының сөзінше, жаңа жоба кәсіпорын қаржысы есебінен іске асады. Тек пластик қалдықты шығару үшін арнайы техника бөлінеді. Алдағы уақытта макулатура өнімдерін бөлек жинау бойынша жұмыстар атқарылмақ.

Бүгінде еріктілер мен әлеуметтік желі арқылы шаһар тұрғындарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Жоғарыдағы бастама қоршаған ортаның жақсаруына үлкен үлес қосары анық.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button