Қала тіршілігі

ЕҢБЕК ЕТКЕННІҢ ЕСЕБІ ТҮГЕЛ

«Жастар» сарайында Астана қаласының әкімдігіне қарасты Жұмыспен қамту орталығының мұрындық болуымен бос орындар жәрмеңкесі өтті. Биыл бесінші рет ұйымдастырылып отырған бұл шараға елорданың жүздеген тұрғыны келді.

ERM_9230

– Бүгінгі жәрмеңкеге 60-қа тарта жұмыс беруші қатысуда. Олар құрылыс, білім беру, денсаулық сақтау және қызмет көрсету салаларынан вакансия­лар ұсынады. Сонымен қатар, техникалық мамандықтарға сұраныс жоғары. Бұдан бөлек, ішкі істер органдарында да бос жұмыс орындары бар, – деді Жұмыспен қамту орталығының басшысы Олжас Омар.
Аталмыш мекеме өкілдерінің айтуынша, олардың жәрдеміне жүгінетіндердің 60 пайызы – қыз-келіншектер. Осы ұйымның көмегімен жыл басынан бері 2246 адам жұмысқа орналасса, оның 1086-сы – әйелдер екен. Мұнымен қоса, қоғамдық жұмыстарға тартылған 919 азаматтың 620-сы, біліктілікті арттыру курс­тарына жіберілген 397 кісінің 235-і, жастар практикасына кіріскен 145 түлектің 221-і – нәзік жандылар қатарынан. Қазіргі кезде Жұмыспен қамту орталығының мәліметтер базасында жұмыс іздеуші әйел­дерге арналған 1322 бос жұмыс орны тіркеліпті.
Елордада ағымдағы жылы 4 жұмыс жәрмеңкесі өткі­зілген, онда 116 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Енді биыл алда 12 жәрмеңке ұйым­дастырылады.

Ботагөз ИКРАМОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button