Елорда тынысы

Еркін форматтағы кездесу

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Сарыарқа ауданының тұрғындарымен кездесіп, ашық диалог құрды.

Кездесу барысында тұрғындар ортақ мәселесін ортаға салып, шешілу жолын ұсынды. Кездесуге бас қаланың басшысы дайын­дықпен келгенін сездіріп, елордадағы әлеуметтік инфрақұрылым мен инженерлік желіні жетілдіру бағытында атқарылатын жұмыстарымен бөлісті.

– Халықтың сапалы өмір сүру салтына қажетті жолдар, абаттандыру, көгалдандыру сияқты өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешіледі. Жаңа оқу жылына арнап 13 мектеп салу да жоспарда бар. Білім ордалары Сарыарқа ауданында да қамтылады. Сол сияқты бірқатар медициналық мекеменің, әлеуметтік тұрғын үйлердің құрылысын жобалаймыз. Күн жылынып, көктем мезгілінің басталуымен жолдар, қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) салу ісіне кірісеміз, – деді шаһар басшысы.

Бас қаланың әкімшілік аумағы кеңейіп, сән-салтанаты келіскен көп қабатты тұрғын үйлердің саны артқанымен, апаттық үйлердің мәселесі толық шешілген жоқ.

– Тағы бір маңызды мәселе – апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзу. Өткен жылы тозығы жеткен үйлерден 300-ден астам отбасыны көшірдік. Бұл көрсеткішті әрі қарай да сақтап, жүйелі жұмыс жүргіземіз, – деді ол.

Жеңіс Қасымбек кездесу барысында көтерілген мәселелерді шешуді қолға алынатынын, әрі орындалу барысын өзі жіті қадағалайтынын айтты.

Әрі мұндай еркін форматтағы кездесулер қаланың барлық ауданында тұрақты өткізілетін, оның ішінде жергілікті орындар – елді мекендер мен шағын аудандарда ұйымдастырылатыны белгілі болды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button