Жаңалықтар

Есілге кеме түсті

ZAH_0299

Кеше елорданы қақ жарып өтетін Есіл өзенінде кемеде жүзу маусымы ашылды. 

Жолаушыларға Астана қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының «Есіл-Астана» мекемесіне қарасты 6 кеме қызмет көрсетеді.
Кемеге отырғызу мен түсіру Кенесары ескерткіші жанындағы айлақта жүргізіледі. Маршруттың жалпы ұзындығы – 18,8 километр.
Кеме қозғалысы Кенесары ескерткіші – «Редисон» қонақ үйі – «Шұбар» ықшам ауданы – «Жыл мезгілдері» саябағы – Кенесары ескерткіші бағытында жүреді.
Кеме қызметі үшін ересек адамдарға 1000 теңге, балаларға (7-16 жас аралығы) 500 теңге көле­мінде баға белгіленген.

Сағи ОРАЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button