Жаңалықтар

Француз инвесторларына таныстырылды

Экономикалық дипломатияны ілгерілету аясында Қазақстанның Франция­дағы елшілігі француз инвесторларына еліміздің аймақтарын таныстыру топтамасын өткізу бастамасын көтерді.

Бейнеконференция форматындағы алғашқы осындай кездесу Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен MEDEF қауымдастығына мүше – француз компаниялары арасында өтті. Онлайн іс-шараға Қазақстан-Франция іскерлік кеңесінің тең төрағалары Айдан Кәрібжанов пен Ив-Луи Даррикаррер, Қазақстан елшісі Жан Ғалиев, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары ­Малика Бектұрова, сондай-ақ «Astana Invest» және «Astana Innovations» компанияларының өкілдері қатысты. М.Бектұрова қалалық инфрақұрылымның жағдайы мен болашағы, сондай-ақ шетелдік инвесторлармен және серіктестермен өзара әрекеттесу механизмдері туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді. Француз компанияларының өкілдері өздерін қызықтырған бірқатар сұрақтар қойып, толыққанды жауаптар ала алды. Атап айтқанда, оларды инфрақұрылым мен көлікті дамыту, экологияны жақсарту және қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ цифрландыру жобаларына қатысу мүмкіндіктері қызықтырды. Француз әріптестер ұсынылған ақпараттың жоғары сапасы мен өзектілігін атап өтті. Кездесуге қатысушылар бірлес­кен жобалар бойынша жүзбе-жүз талқылау өткізу үшін санитарлық кедергілердің тезірек алынатынына үміт білдірді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button