Білім

Ғылыми орталық ашылды

Maqsut Narikbayev University-де MIND қолданбалы ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. Ғылыми ой-тәжірибені «Think & do tank» форматында біріктіретін алаң ерекшелігі – тек ұсыныс беру ғана емес, әрекет етуге бірегей мүмкіндік жасау.

MIND-тың ұстанымы – Орталық Азия мен жалпы әлемде тұрақты даму мақсатына жетуге ұмтылу және қолданбалы зерттеулер үшін сарапшыларды біріктіру. Сондай-ақ талдау орталығының құндылықтары жүргізіліп жатқан зерттеулердің тәуелсіздігінен, академиялық адалдықтан, ынтымақтастық пен серіктестіктен, қоғаммен байланыстан және нәтижеге қол жеткізуден тұрады. Мақсаты – тәуелсіз қолданбалы зерттеу жүргізу, стратегиялық шешім қабылдау сапасын дамыту, кеңес беру, әріптестік орнату және MIND институционалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету.

MIND орталығы – MNU мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бірлескен жобалық кеңсесі, бұл халық пен бизнестің кең топтарының биліктің заң шығарушы тармағымен байланысын қамтамасыз етеді және өзекті заңнамалық бастамаларды әзірлеуге ықпал етеді.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өз сөзінде күрделі геосаяси, экономикалық және өңірлік жағдайларда аналитика, сараптамамен жұмыс істеудің өзектілігін атап өтті. Сондай-ақ ол Ғылым және жоғары білім министрлігі MIND ғылыми-талдау орталығының жобалары мен бастамаларын қолдауға дайын екенін айтты.

Іс-шара аясында MIND-тің кейбір ғылыми зерттеулерінің нәтижелері таныстырылды және соңында ғылыми орталық бойынша экскурсия өткізілді, оның барысында бірқатар халықаралық ұйымдармен, мемлекеттік органдармен және квазимемлекеттік компаниялармен келісім жасалды.

Maqsut Narikbayev University басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев өз сөзінде ғылыми орталықтың ашылуына келген барлық қатысушыға алғыс білдірді.

– Қазіргі уақытта университет оқытушылық бағыттан зерттеу бағытына көшуге арналған жаңа даму стратегиясын әзірледі, ал MIND қолданбалы ғылыми-зерттеу орталығы – осы стратегияның ажырамас бөлігі, – деді ол.

MIND талдау орталығының жетекшісі Альтаир Ахметов өзінің құттықтау сөзінде қоғамды, бизнесті және мемлекеттік органдарды талқылауға және бірлескен шешімдерді әзірлеуге тарту арқылы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыратынын атап өтті.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button