Жаңалықтар

Індеттен көз жұмғандар көбейді

Соңғы аптада 16 миллионнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 74 мыңнан астамы қайтыс болды.

[smartslider3 slider=2155]

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) сейсенбі күні кешке індет жұқтырғандар саны алдыңғы жеті күнмен салыстырғанда 19 пайызға азайып, ал қайтыс болғандар саны 4 пайызға өскенін мәлімдеді. Вирус жұқтырғандар санының артуы Тынық мұхитының батыс аймағында (19 пайыз) тіркелді. Сонымен бірге ДДҰ-ның қалған бес аймағында аурушаңдық төмендеді. Әсіресе айтарлықтай төмендеу Оңтүстік-Шығыс Азияда (37 пайыз), Америкада (32 пайыз) және Африкада (30 пайыз) тіркелді. Бір аптада әлемде жаңа инфекциялардың 60 пайызын құрайтын Еуропада бұл көрсеткіш 16 пайызға төмендеген. Өлім-жітім Шығыс Жерорта теңізінде (38 пайыз), Батыс Тынық мұхитында (27 пайыз), Африкада (14 пайыз), Америкада (5 пайыз) және Еуропада (1 пайыз) өсті. Бұл ретте Оңтүстік-Шығыс Азияда 9 пайызға төмендеді. Ресейде бір аптадағы ең көп инфекция жұқтыру (1323391) жағдайы тіркелді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button