Мәдениет

Түркия төрінде ұлықтады

Анкарада Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған конференция өтті. ТҮРКСОЙ ұйымы ұйымдастырған алқалы жиынға Қазақстаннан Амантай Шәріп пен Анар Фазылжан, Қырғызстаннан Мэрим Колбаева, Әзербайжаннан Эльчин Ибрахим, Өзбекстаннан Эргаш Абдувалитов секілді белгілі ғалымдар қатысты.

[smartslider3 slider=2134]

Конференция барысында ұлт ұстазының өмірі мен еңбегі жайында жан-жақты мағлұмат берілді. Жиынды ТҮРКСОЙ-дың бас хатшысы Дүйсен Қасейінов ашты.

– Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына арналған алғашқы халықаралық конференцияны біз ұйымдастырып отырмыз. Мұнымен шектелмейміз. Ұлт ұстазының 150 жылдығы аясындағы шаралар жыл бойы жалғасады, – деді ол.

Жиын барысында Ахмет Байтұрсынұлы туралы ТҮРКСОЙ ұйымы түрік тілінде дайындаған бейнефильм көрсетілді. Белгілі қаламгер Серікбай Оспанұлының «Ұлт ұстазы» кітабының таныстырылымы өтті. Бұл еңбек ТҮРКСОЙ ұйымының қаржылай қолдауымен жарық көрді. Конференция Ыстанбұл қаласының Ыстанбұл университетінде жалғасты.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button