#Жаңа Қазақстан

Кандидаттар тізімі бекітілді

Кеше елордада депутаттыққа үміткер кандидаттар мен аумақтық сайлау комиссиясы өкілдерінің отырысы өтті. Отырыста Қазақстан халық партиясы қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалынан елордалық мәслихат депутаттығына ұсынылатындардың партиялық тізімін бекітті.

Қазақстан Республикасының сайлау туралы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституция­лық заңының 104-бабына сәйкес, қажетті шарттарды ескере отырып, Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалы ұсынған 13 адамның тізімін бекітіп, куәлік тапсырды.

– Тізімге 13 адам кірді. Олар барлық тиісті тексеруден өтіп, талапқа сай деп қаралды. Қазақстан Республикасы сайлау туралы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституция­лық заңының 104-бабының бірінші тармағына сәйкес, 2021 жылы 10 қаңтарда өткен Астана қаласы мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының 7,41% жинауына байланысты «Қазақстан халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалы тиісті аумақтық сайлау округі бойынша сайлау жарнасын өтеуден босатылады, – деп түсіндірді қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісова.

Сондай-ақ ол тіркеу аяқ­талғаннан кейін сайлаудың қажет шарттарын, тәртібін егжей-тегжейлі түсіндіру үшін кандидаттарды және оның сенімді өкілдерін жинап, үлкен семинар өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

Айта кетейік, 18 ақпан күні 18:00-де кандидаттарды тіркеу аяқталады. Сол сәттен бастап тізімге енген азаматтар сайлауалды насихат жұмысын жүргізеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button