Әлеумет

«Кәсіпкер ана» жобасы жол ашады

  «Жанұя» отбасылық институтты қолдау орталығында «Кәсіпкер ана» авторлық әлеуметтік жобасының таныстырылымы өтті. «Кәсіпкер ана» жобасына көпбалалы және жалғызбасты аналар, мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған аналар мен тұрмыс жағдайы қиын әйелдер қатыса алады. Бизнес тренерлер, кәсіпкерлер, сарапшылар, шеберлер шақырылады, оқу ұзақтығы мамандық түріне байланысты – 1-3 ай аралығында.

Бұл – маникюр, педикюр, хейр, мейкап, шугаринг, массажға үйрететін бьюти индустрия; аспаз, кондитер, кулинария, шоколатье бағытында оқытатын food-индустрия; графикалық дизайн, копирайтинг, СММ менеджментін меңгертетін IT индустрия бағытындағы мамандықтар.
«Жас кәсіпкерлер кеңесі» қоғамдық ұйымының төрайымы Айнұр Әмірхан жобаның «Жас кәсіпкерлер кеңесі» қоғамдық ұйымының бастамасымен дүниеге келгенін, мақсат – үйде отырған әйелдерге де кәсіби мамандар секілді қомақты ақша табуға мүмкіндік жасау екенін айта келіп, өзі негізін салған «Алай Фуд» жартылай фабрикаттар компаниясының тәжірибесімен бөлісті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button