Мәдениет

Кітапхана түні

Бас шаһардағы №3 балалар кітапханасында «Кітапхана түні» атты қызықты кеш өтті. Бұл іс-шараны өткізуге қалалық Мәдениет және спорт басқармасы мен Сарыарқа ауданы­ның әкімшілігі қолдау көрсетті.

Кеш аясында кітапханаға ке­лушілерге арналған түрлі бағ­дарламалар ұйымдастырылды. Белгілі балалар ақыны Тілеуғазы Бейсембектің жас оқырмандармен жүздесуі өтті. Қаламгер жеткін­шектерге арнаған жаңа өлеңдерін оқыды. Оқушылар сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында ақын жақында баспадан шыққан «Сөйлейтін күшік» атты жинағын кітапханаға сыйлады. Қазір жас оқырмандар саны көбейген. Жазғы каникулда 300-ден астам жеткіншек кітапханаға жиі бас сұққан. Соған орай, кеш барысында «Жазғы оқу-2018» шарасының қорытындысы сараланып, Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Ержан Жақыбаев кітапты көп оқыған балаларға сыйлық тапсырды.
Сондай-ақ «Бір ел – бір кітап» шарасы шеңберінде даңқты батыр атамыз Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабына арналған оқырмандар конференциясы болды. Оған белгілі журналист Бекен Қайрат пен №15 орта мектептің 7-сынып оқушылары қатысып, айтулы тұлғаның ұлттық құндылықтарды ардақтаған жинағы жайында тағылымды сөздер айтылды. Оқушылар кітаптан алған әсерлерімен бөлісті. Кітапхана түніне арналған кеш түннің бір уағына дейін созылды. Балалар ата-аналарымен бірге түрлі ойындар ойнап, спорттық шараларға қатысты.
«Кеш өте қызықты өтті. Әсіресе, балалар қуанышқа кенелді. Мұндай шаралар оқырмандар мен кітапхана арасын жақындата түседі. Сондықтан бізге оның берері мол болды» дейді №3 кітапхана меңгерушісі Марал Ақтаева.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button