Sport

Қайырымдылық марафоны

Алдағы жексенбі күні елордада дәстүрге айналған Astana Marathon-2018 халықаралық марафоны өтеді.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, іс-шараға Қазақстаннан бөлек, Германия, Ресей, Жапония, Италия, Өзбекстан, БАӘ, Швеция, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, АҚШ, Қырғыз­стан, Франция, Түркия, Австралия, Кения, Эфиопия, Эритрея, Грузия, Люксембург және Испания сынды әлемнің 20 мемлекетінен 4000-ға жуық адам ниет білдірген. Алайда ұйымдастырушылар қатысушылар саны 5000-ға жуықтайды деген болжам жасап отыр.
Марафон қашықтығының бағытын IAAF (Халықаралық жеңіл атлетика федерацияларының қауымдастығы) белгілеген. Сонымен қатар 18-ден асқан желаяқтарға 42,2 шақырым, ал 16 және одан жоғары жастағыларға 10 шақырым белгіленіп отыр. Мәліметтер бойынша ең қашық дистанциясын жүгіріп өтуге 6 сағат уақыт беріледі. Бұған үлгермеген атлеттер жарыс жолынан шығарылады.
Айта кетерлігі, әлемдік жарысқа қатысу үшін www.astana42k.com сайтынан тіркеуден өту қажет. Оған қоса, 42,2 шақырымға қатысу құны 8000 теңгені құраса, жасөспірімдерге 4000 теңге болмақ. Дәстүр бойынша жиналған қаржы қайырымдылық жұмыстарға жұмсалады.
Желаяқтар жарысы 16 қыркүйек күні сағат 07:00-13:00 аралығында өтеді. Қатысушылар жиналатын орын 06:00 кезінде Рысқұлов көшесінің Түркістан көшесімен қиылысындағы Р4 тұрағына (ЭКСПО-ға қарсы) белгіленіп отыр.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button