Елорда тынысы

Көшбасшы әйелдер кеші

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Көшбасшы әйелдер орталығы» әйелдердің саяси көшбасшылығы мектебінің алғашқы түлектері бас қосып, бітіру кешін өткізді. Аталмыш жоба еліміздің 14 өңірінде жүзеге асырылып жатыр.

Қоғамда биліктегі әйелдердің белсендігін арттыру, гендерлік теңдікті қолдау мақсатында ашылған мектеп аз уақыттың ішінде бірқатар нәтижеге қол жеткізді. Бүгінде мектептің 25 түлегі мемлекеттік басқару саласында мансап құруды көздеп отыр.

«Оқу курстарын аяқтау туралы сертификаттарды бизнес, білім беру, денсаулық сақтау және құқықтану саласының өкілдері алды. Олар саясаткерге тән қабілеттерді арттыру бойынша біліктілік курстарынан өтті. Біздің түлектердің болашағы табысты болатынына сенімдімін» деді елордалық әйелдердің саяси көшбасшылығы мектебінің директоры Айгүл Рахымжанова.

Естеріңізге сала кетейік, оқу жобасын еліміздегі ең ірі үкіметтік емес ұйым – «Қазақстанның әйелдері күштерінің альянсы» бастады. Ал бүгінде болашақ саясаткерлер үшін практикалық сабақ, семинар мен тренингтерді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері өткізеді.

Мектеп түлегі, адвокат Ажар Аханова әйелдердің саяси көшбасшылық мектебінде алған білімі оған жеке брендін дамытуға септеседі дейді.

«Мен мектептегі сабақтарға жазылып, дәріс алдым. Себебі өзімнің жақсы болашағыма инвестиция салғым келді. Қыздарыма үлгі болғым келеді. Бұл оқу орнында шешендік өнер сабағының берері мол» деп Ажар Аханова өз әсерлерімен бөлісті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button