Мәдениет

КОМПОЗИТОРЛАР ӘНДЕРІНІҢ КЕШІ

Әбілахат Еспаев, Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов сынды композиторлардың бірінің есімі аталғанда бірден әндете жөнелетініміз бар. Өзін аса бір өнерпаз санамайтын адамның өзі осы музыка майталмандарының кем дегенде бір әнін біледі деп ойлаймыз.

umytylmas-ander

25 қазанда Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармония­сы баршамыздың сүйікті әндерімізді әншілермен бірге шырқауға мүмкіндік беріп отыр. Сол күні осы ұжымның ұйымдастыруымен сағат 19.00-де Конгресс-холда «Ұмытылмас әндер» концерті өтеді.
«Ұстазым», «Маржан қыз», «Қайда­сыңдар, достарым», «Құстар әні», «Өз елім», «Бақыт құшағында», «Сыр сұлуы», «Сырласу», «Шақырады көк­­тем»… Жоғарыда аттары аталған композиторлардың тамаша туынды­лары­ның тізімін осылай соза беруге болады. Концертте елордалық филармонияның және Қазақстан эстрадасының белгілі әншілері Бағдат Сәмединова, Естай Мұқашев, Алтынай Жорабаева, Нұрғали Тұрлыбеков, Бибігүл Жанұзақ, Нұрбол Балапанов, Гүлзира Бөкейхан, Бауыржан Нұрымбетов, Айнұр Байнулдинова, Дихан Ильяшев, Гүлмира Жұмабекова, Диана Май және тағы басқа өнерпаздар баршамыз шырқайтын әндерді жаңғыр­тады. Өлмейтін, өшпейтін әндердің ке­шіне келіңіздер, ағайын.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button