Мәдениет

«Күлше қызды» тамашалады

Музыкалық жас көрермен театры астаналық өнерсүйер қауымға «Күлше қыз» қойылымын ұсынды.

[smartslider3 slider=710]

«Күлше қыз» – театрсүйер қауымға бұрыннан таныс әйгілі ертегі. Ертегіде Ренессанс дәуіріндегі (XIV-XVII ғ.) халықтың тұрмыс-тіршілігі көрсетіледі. Басты кейіп­кер әрдайым өмірінде бір ғажайып­тың орын алатынына сенеді. Анасынан ерте айырылған Күлше қыздың өмірі бірде аянышты болса, енді бірде ғажайып оқиғалармен алмасып отырады. Көрерменді тағдыр­дың тылсым жолдарынан өтетін таңғажайып оқиғаларға қарай жетелейді.

Авторы: Е.Шварц композиторы – ­А.Спадавеккиа. Қоюшы режиссері – Расул Усманов («Сахнагер-2019» Ұлттық театр сыйлығының иегері). Музыкалық жас көрермен теа­тры «Күлше қыз» музыкалық ертегісі арқылы өнер жолына қызығушылықпен қарайтын дарынды жасөспірімдер мен балалардың қиялын қозғап, оларды өнерге қызықтырып, қанаттандырды. Ертегінің тәрбиелік мәні – кез келген адам алдынан кездес­кен қиындықтарға шыдап, мойымаса, ақыры бір жақсылыққа кез болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button