#Жолдау-2022

Күшіміз – бірлікте

– 2022 жыл еліміз үшін ауыр кезеңдерден басталып, халқымыз күрделі сынақтарды өткеруге тура келді. Осы қиын-қыстау кезеңде Қазақ­стан халқы бірлігінің арқасында еліміз күрделі де қауіпті сынақты еңсере алды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ҚР Конституциясына сәйкес батыл әрі дұрыс шешімдерді дер кезінде қабылдады.

[smartslider3 slider=2505]

Биылғы 11 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында елдегі жағдайды толық талдап, халықтың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі шараларды ұсына отырып, түбегейлі реформалардың қажеттілігін ескеріп, жаңадан құрылған Үкіметке нақты тапсыр­малар берген болатын. Сонымен қатар таяу уақытта жедел шешілуі қажет негізгі мәселелерді атап өтті. Міне, сол уақыттан бері екі ай өтіп, Мемлекет басшысы дәл осы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына Жолдау жасады. Президенттің бұл Жолдауы ең алдымен халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал ететінін және жақын арада іске асырылатын реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралары туралы болды.

Мемлекет басшысы өз Жол­дауында мемлекеттік институттарды дамыту үшін нақты бағыттарды айқындап берді. Бұл өз кезегінде халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал ететініне сенімдіміз.

Жолдауда айқындалған бағыттарды жүзеге асыру үшін жаңадан құрылған Үкіметке алда талай істер күтіп тұрғанын сезінген жөн. Осыған байланысты халықпен диалог орната отырып, проблемаларды бірлесе шешіп, нақты нәтижелерге қол жеткізетініне сенеміз.

Қалай дегенмен де ел азаматтары ертеңгі күнге сенеді. Ең бастысы, біз халық бірлігі мен ел тәуелсіздігіне назар аударуымыз керек. Біздің күш-қуатымыз – берекелі бірлікте!

Халил МАСЛОВ,

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының қызметкері:

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button