Жаңалықтар

«Мәңгілік мұра» мұраты

4ea2e46b3f5aa67dbb4a4cf2359f707e

Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы журналистермен жүздесіп, баспасөз мәслихатын өткізді. Онда еліміздегі мәдениет саласының дамуы мен алда жүзеге аспақ жобалар туралы сөз болды.

Айталық, қазақ мәдениетін шет мемлекеттерде насихаттайтын «Мәңгілік мұра» атты жоба қолға алынған. Аталған жоба еліміздің тарихи-мәдени дамуына ерекше серпін бермек. Бұл еліміздің бай мәдени мұрасын әлемдік құндылықтар қорымен ықпалдастыруға бағытталған.
Сондай-ақ, біздің елдегі музейлердің жұмыс форматы да өзгертілмек. Ол әлемге әйгілі Лувр, Эрмитаж, Ватикан сынды музейлердің тәжірибесін ескере отырып жасалады. Және ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан халқы ассамблеясының залы ашылады деп жоспарлануда.
«Мәдениет саясаты тұжырымдамасы бойынша аталмыш саладағы менеджментті өзгерту көзделіп отыр. Сала экономика секторы ретінде оңтайландырылады. Экономикалық белсенділікті арттыру мақсатында жетекші музейлер мен кітапханалардың әкімшілік-құқықтық формасы мемлекеттік мекемеден қазыналық кәсіпорынға ауыстырылады» деді ол.
Тағы бір жүзеге аспақ тың жобаны айтсақ дейміз. Алдағы таңда Қазақстанның электронды энциклопедиясы жасалады. Бұл жоба «ЭКСПО-2017» көрмесінде Қазақстанды таныстыру аясында өте өзекті болмақ.
Оның айтуынша, министрлік ЭКСПО шарасына байланысты арнайы жоспар жасаған. Соның негізінде «ЭКСПО-2017» көрмесінде еліміздің әлемдегі тарихи және геосаяси маңызы туралы тұсаукесер өткізілмек. «ЭКСПО-2017» көрмесі мен халықаралық және елорданың қаржылық орталық ретіндегі әлеуеті мәдени-туристік кластерді құруға қажетті бас қаланың жаңа мәдени инфрақұрылымының дамуын талап етеді» дейді А.Мұхамедиұлы.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button