Жаңалықтар

МЕДИА САХНАСЫНДАҒЫ ТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯ

Астанада 28 маусым күні Қазақстан Республикасыны Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасында «Пресс Центр Азия» қоғамдық қоры ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына және баспасөз күніне орай «Жас Медиа. Ақпараттық технологиялар мен Қазақстан медиасферасының заманауи концепциясы» форумын өткізді. Бұл айтулы шараға Қазақстанның жастар конгресі де қатысты.

IMG_2244

Форум аясында жас журналистердің кадрлық потенциалын арттыру, оқиғаларды халыққа кеңінен жан-жақты әрі сапалы жеткізу мәселелері пленарлық отырыста талқыланды. Сонымен қатар, форумға қатысушылар диалог алаңдарында журналистиканың өзекті мәселелерін ортаға салды. Сондай-ақ, әлеуметтік-саяси, экономикалық оқиғаларды халыққа жеткізу жұмыстары тәжірибесі жайында пікір алмасып, медиа саласының трансформациясы дәуіріндегі жастардың орны, жұмыс жасау формалары мен тетіктері кеңінен сөз болды.

IMG_2258

Форум жұмысында Парламент Мәжілісінің депутаты Әлия Сапарова, Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, Президент жанындағы Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы кітапханасының атқарушы директорының орынбасары Жапсарбай Қуанышев, «Қазақстан – 2050» Жалпы ұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Данат Жұмин, Бас редакторлар клубының президенті Бибігүл Жексенбай және басқа белгілі тұлғалар сөз сөйлеп, ақпараттық шыңдық, заманауи сын қатерлер, сапалы журналистиканың құпиялары тақырыптарында әңгіме өрбітті.

IMG_2253

Ал білім беру бөлімінде журналист-блогер Өркен Кенжебек, белгілі блогер Яков Федоров, тележурналистиканың жетекші маманы Владимир Рерих шеберлік сабақтарын өткізіп, жас журналистерге кәсіби бағдарлар көрсетті.

IMG_2440

Форумға жас және белгілі журналистер, блогерлер мен журналистика факультетінің студенттері, баспасөз қызметкерлері, жастар ұйымдары мен қозғалыстарының өкілдері қатысты. Осындай ауқымды аудиторияның алдында «ZhastarUP» бірінші қазақстандық жастарды оқыту жобасының тұсаукесері өткізілді. Бұл жоба сайт арқылы онлайн білу беру мақсатын көздейді. Аталмыш сайтта бейнелекциялар, онлайн-курстар, мақалалар мен студенттік конкурстар, халықаралық стипендиялар жөніндегі ақпараттар орналастырылады. Бұл жаңа жобаның баспасөз саласына келген жас журналистердің біліктілігін аттыруда септігі мол болары сөзсіз.

Меңдолла НҰРЫМҰЛЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button