Жаңалықтар

МЕКТЕП ПЕН БАЛАБАҚША КӨБЕЙЕДІ

IMG_7551

Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы аясында елімізде білім беру жүйесіне ерекше көңіл бөлінуде. Осы ретте елордамызда мектепке дейінгі мекемелердегі кезек және үш ауысыммен оқу, апатты жағдайдағы мектептер мәселелерін шешуге бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізілуде деп хабарлайды Астана қаласының Білім беру басқармасы.

Қазіргі кезде елордада 302 білім беру ұйымы жұмыс істейді, онда 168 247 бала тәрбиеленіп, 12 522 ұстаз қызмет етеді.

Бұдан басқа, қалада мектепке дейінгі білім беретін жалпы 156 балабақша жұмыс істейді. Олардың қатарында 81 – мемлекеттік, 2 – ведомстволық, 73 жеке меншік мекеме бар. Осылайша қала бойынша 34 195 бала мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен қамтылған.

Ал, осы жылдың соңына дейін елордада 2440 орынды 10 бала­бақша мен 5075 орынды  5 мектеп пайдалануға берілмекші.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button