ЖаңалықтарРесмиетСаясат

Мемлекеттік тілдің мәртебесі

molot

Тіл  тек  қарым-қатынас  құралы ғана  емес,  ұлтымыздың  биік  тұғыры. Ал  қазақ ұлтының мемлекеттік тілі-қазақ тілі. Елбасы  Н.Ә.Назарбаев : «Қазақ  пен қазақ қазақша сөйлессін. 2025 жылға дейін қазақ тілі әрбір қазақстандықтың күнделікті қолданыс құралына айналуы тиіс»,-деді.  Дегенмен  де, біздің  мемлекетімізде өкінішке орай, өз тілін білмейтін және білем деп  үйренуге  талпынбайтындардың бар екендігі  қынжылтады. Өйткені,  ана тілін білмейтін адам ана тілінің  тұғырын биіктете алмайды ғой.

«Сүйемін туған тілді- анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ  берген  білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін,- деп  қазақтың  ақыны    С .Торайғыров  жырлағандай    ана тілінде  сөйлеуіміздің санамызға сіңіп,  қалыптасуы  сәби  болып дүниеге келген сәтімізден  басталады.  Егер  әрбір  отбасында  ата-ана сәбиін  тек ана тілінде сөйлеуді үйретсе  оның ойлау , сөйлеу қабілеті сол тілде дамиды.

Егеменді еліміздің  әр азаматының қазақ тілін білуі-оның міндетті борышы  болып  саналады.  Еліміз тәуелсіздік алғалы  бері  ана тіліміз  мәртебеге ие болып, оның  қолданыс  өрісі  кеңейді. Қазіргі  таңда  өнер,  әдебиет,  мәдениет баспасөз,  радио,  мақала  жаңалықтар  бағдарламалардың   көпшілігі   қазақ тілінде  жүргізіледі.

Сот  жүйесінде  мемлекеттік  тілдің жағдайына  тоқталатын  болсақ,   қазіргі  уақытта  сот қызметкерлерімен  тілдің деңгейін  дамыту, өркендету  мақсатында   сұхбаттар беріліп,  газет  беттерінде  және әлеуметтік желілерде   тіл  туралы мақалалар    жарық  көріп,  әр-түрлі іс-шаралар  жүргізілуде.  Бұл біздің  мемлекеттік тіліміздің мәртебесінің асқақтағаны.

Сотта ішкі,  шығыс  және   кіріс  құжаттары  тек мемлекеттік  тілде  жүргізіледі. Солардың қатарында- ішкі  құжаттар: сот  төрағасының өкімдері,  сот  жұмысы  туралы  жоспарлар,  жедел  кеңес  хаттамалары,  әр  тоқсан  сайын  сот  жұмысын  қорытындылайтын, анықтамалар мемлекеттік  тілде  жасалады.  Шығыс  құжаттары:  жолдама хаттар мемлекеттік тілде жолданып ,  бақылау тапсырмаларына  мемлекеттік  тілде  жауаптар  беріледі. Азаматтардың жүгінулері бойынша, қай тілде   сотқа жүгінсе сол тілде  (мәтіннің  мемлекетік тілдегі   аудармасымен бірге) жауап  беріледі.

Сотқа түсетін кіріс құжаттары қай тілде сотқа берілсе  сол тілде қабылданады. Сондықтан, сотқа мемлекеттік тілде түсетін кіріс құжаттарының санын арттыру мақсатында әр-түрлі іс-шаралар жүргізіліп, мемлекеттік емес ұйымдар, тергеу, прокуратура органдарының өкілдері мен қорғаушылардың қатысуларымен дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізіліп, газет басылымдарында мақалалар жарияланып отырады.

Егер, Қазақстан Республикасының  әрбір  азаматы  өзінің   ана  тіліне  деген сүйіспеншілігін оятып, мемлекеттік  тілдің  одан   әрі  дамып  нығайуына жауаптылықпен қарап, өзі өмір сүріп жатқан елдің тілін меңгеруі арқылы сол ұлтқа деген құрметін көрсете отырып, мемлекеттік тілді басқа ұлт өкілдеріне үйретіп,   ана тілімізді насихаттайтын мақалаларды  жиі жазып, оның мәртебесін асқақтата түсуге өз үлесін қосса, мемлекеттік  тілдің келешегі  нұрланып  көркейе  түсер еді.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының бас маманы

Ж.Исафина

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button