Елорда тынысы

Мерейлі жасымен құттықтады

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазыға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың мерейтой иесіне зор денсаулық, баянды бақыт тілеген құттықтау хатын табыстады.

[smartslider3 slider=2226]

Қалалық мәслихат депутаттары да көрнекті қоғам қайраткері, қазақтың қайсар қызы, белгілі тіл жанашыры Оразкүл Асанғазықызын мерейлі жетпіс жасымен құттықтады.

Оразкүл Асанғазықызы – саналы ғұмырын елге қызмет етуге, төл руханиятымыз бен ана тіліміздің жағдайын жақсартуға арнаған ардақты азамат.

Алаш баласына сыйлы қайраткер, отбасына өнегелі ана, отағасына адал жар бола білген О.Асанғазықызы ел астанасы Алматыдан Арқа төріне көшкен кезде бас шаһарымызға келіп, көп жылдар бойы жемісті еңбек етті. Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары, Тілдерді дамыту басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты сынды лауазымдарда абыроймен қызмет атқарды.

Шара барысында Оразкүл Асанға­зы­қызымен ұзақ жылдар бірге қызмет еткен аға-апалары Светлана Жалмағанбетова, Надежда Петухова, Әсима Бимендина, Сәбила Мұстафина, Сапар Ахметов, Айман Мұсақожаева және т. б. естелік әңгімелерін айтып, мерейтой иесіне жылы лебіздерін білдірді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button