Қала тіршілігі

МЕРЕКЕ КҮНДЕРІНДЕГІ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

dsc_0936

Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтайды және қалалық қоғамдық көліктің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы, сондай-ақ 2014 жылғы 1, 2, 3, 4 және 5 қаңтардағы жұмыс тәртібін хабарлайды.

Ағымдағы жылғы 31 желтоқсанда қоғам­дық көлік бағдарлары жұмыс күнгі кестемен 23.00 сағатқа дейін істейді.

Одан кейін – 2014 жылғы 1 қаңтарда сағат 1.00-ден сағат 3.30-ге дейін тұрғындарды Ескі алаң (Бейбітшілік к-сі, 11), Ақбұлақ өзені (Пушкин к-сі, Қажымұқан к-сі), «Ақ Орда» алаңы және «Думан» ОСО орналасқан мұз айдындарына апару үшін
жұмыс тәртібіне төменде көрсетілген ішінара өзгерту енгізіліп, №№ 2, 3, 8, 9, 10, 17, 22, 23, 30, 31, 33, 40, 42, 46, 48, 103, 104, 109, 129 бағдарлары жұмыс істейтін болады:

маршрут №2, мемлекеттік бағдарлама бойынша берілген үйлер аймағынан ескі алаң арқылы Республика даңғылына (Бөгенбай батыр даңғылына бармайды);

маршрут №9, «Мастер» ГМ сауда орталығымен шектеледі (Жібек Жолы ауылына бармайды);

маршрут №22, «Өнеркәсіп алаңы» аялдамасында шектеледі (Железнодорожный т/а бармайды);

маршрут №30 Достық шағын ауданымен шектеледі (Перзентханаға бармайды);

маршрут №42: Дулатов к-сі – Заречный т/а аралығында шектеледі (Ет комбинаты және Тельман т/а бармайды);

маршрут №103: «Мастер» ГМ шектеледі («Метро» СҮ бармайды);

маршрут №104: Промышленный т/а шектеледі (саяжай аймағына бармайды);

маршрут №129: Интернациональный т/а шектеледі (Мичурин, Күйгенжар т/а бармайды);

жолаушыларды тасымалдау қолданыстағы тарифтер бойынша атқарылады.

жол жүру билеттері: жеңілдігі бар және балалар үшін жарамды, жалпы айлық және жарты айлық жарамсыз.

2014 жылғы 1 қаңтарда сағат 6.30-дан сағат 10.00-ге дейін бағдарлардың жүру аралықтары 20-30 минуттан ұйымдастырылады.

1 қаңтарда сағат 10.00-ден бастап қоғамдық көлік демалыс күнгі кесте бойынша толық көлемде жұмыс істейді.

2014 жылғы 2 қаңтардан 5 қаңтар ара­лығында – демалыс күнгі кестемен істейді.

Астана қаласының
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button