Денсаулық

Мүгедек балаларға – мейірім

Елордадағы «Салауатты Астана» емханалар желісінің «Жағалау» отбасылық денсаулық орталығы мүгедек балалар үшін Ашық есік күнін өткізді.

[smartslider3 slider=1011]

Ашық есік күніне келген 67 кішкентай пациент травматолог, жалпы практика дәрігері, невропатолог, стоматолог, ортопед-хирург және психологтан кеңес алды. Жалпы барлығы 198 бала – аталған орталық дәрігерлерінің бақылауында. «Олар біздің есебімізде тұр. Бұл – мүгедектігі расталған балалар. Олардан басқа, әлі қайта тексеруден өтпеген тағы 100-ге жуық бала бар. Яғни, барлығы 300-ге жуық бала» деді «Жағалау» ОКЗ психологы Вероника Амренова. Емханада 5-6 мүгедек бала тәрбиеленетін бірнеше отбасы бар. «Әр адамның өзіндік психикалық ресурсы болады. Сондықтан біз балалармен ғана емес, ата-аналармен де жұмыс істейміз, оларға психологиялық сессиялар өткіземіз. Олар өзгелердің яғни туыстарының, күйеуінің және қоғамның шабуылына өте сезімтал келеді. Сондықтан біздің қолдауымыз ата-аналар үшін, әсіресе аналар үшін өте маңызды» деді психолог. Ашық есік күні балаларға демеушілер, мейірімділер клубы және «Благодарю, Астана» қоғамдық қайырымдылық қорының атынан символикалық сыйлықтар табыс етілді, сондай-ақ ешкім ұтылмайтын лотерея ұйымдастырылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button