Жаңалықтар

«Нұр-Сұлтан Дуатлон-2019» жарысы

Елорда төрінде алдағы жексенбі, яғни 23 маусым күні дуатлоннан ашық қалалық турнир өтеді. Елорда күніне орайластырылған спорттық шара осымен төртінші мәрте ұйымдастырылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Нұр-Сұлтан Дуатлон-2019» жарысында 16 жастан асқандардың бәрі қатыса алады. Ол үшін 21 маусым күні сағат 18.00-ге дейін елордалық триатлон федерациясының www.triathlonastana.kz сайтында тіркелу қажет, 22 маусымда сағат 12:00-21:00 аралығында «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда тіркелгендерге бастапқы топтамалар таратылады. Жарысқа қатысушылар жүгіру, веложарыс спорт түрінен түрлі үш қашықтықты бағындырады. Жүгіру қашықтығы 5 және 2,5 км құрайды, ал велосипедшілер 20 км бағындыруы тиіс. Бұл кезеңде міндетті түрде қатысушының өз велосипеді мен шлемі болуы керек. Дуатлонның толық регламенті Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасының www.madeniet-sport-astana.kz сайтында жарияланған. Жарыс таңғы сағат 08:00 «Бәйтерек» монументінің жанындағы алаңнан басталады. Жүгіру жолы Қонаев к-сі, Қабанбай батыр даңғылы, Ақмешіт к-сі, Достық к-сі және Мәңгілік ел даңғылы арқылы өтеді. Сонымен қатар Қонаев көшесінен бастап, Тұран даңғылының бойымен «Астана жұлдыздары» монументіне дейін (Қабанбай батыр даңғылымен айналма жол) 20 шақырым жолды қатысушылар велосипедпен жүріп өтеді. Мұнда қатысушылар кері бұрылып, Тұран даңғылымен Достық көшесіне дейін, Мәңгілік ел даңғылымен жүреді, жарыс Қонаев көшесінде аяқталады. «Нұр-Сұлтан Дуатлон-2019» жарысы барысында қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аталған көшелерде көлік қозғалысы шектеледі. Айта кетейік, дуатлон қашықтығын бағындыруға ең көп дегенде 150 минут уақыт беріледі, ал бұл уақыттан асқан спортшылар жарыстан шеттетіледі. Жарысқа жіберілген спортшылар 4 жас санатына бөлінеді – 16-29 жас, 30-39 жас, 40-49 жас, 50 жас және одан асқандар. Әрбір жас санаты бойынша жеңімпаздар қашықтықты бағындыруға жұмсалған ең аз уақыт бойынша анықталады. Хронометраж арнайы қондырғының көмегімен жеке есептелетін болады. Жарыс соңында 1, 2, және 3-орын алған чемпиондар марапатталады, сондай-ақ тіркелген спортшылар арасында лотерея ойнатылып, бағалы сыйлықтар ұтысқа тігіледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button