Қоғам

Ойларын ортаға салды

Қалалық әкімдікте Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері басқармасының ұйымдастыруымен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен «Диалог алаңы» өтті. Жиында елордалық ҮЕҰ қызметін үйлестіру бойынша 2020 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларының тақырыптары талқыланды. Кездесуге Нұр-Сұлтан қаласындағы үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Талғат Рахманберді бүгінгі таңда 3159 ұйым тіркелгенін, еліміздегі неғұрлым белсенді қызмет ететін ҮЕҰ Нұр-Сұлтан қаласында орналасқанын, олардың жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау, қоғамдық келісімді нығайту, гендерлік саясат, т.б. қызмет бағыттарына сәйкес белсенді жұмыс жасап жатқанын айтып өтті.
«Қоғамдық даму істері басқармасының негізгі мақсаттарының бірі – ол қаладағы жүргізілетін әлеуметтік іс-шараларға бүкіл қоғамдық ұйымдарды тарту болып табылады. Азаматтық бастамаларды сіздердің қолдап, көмек көрсетулеріңіз – біздің жұмысымыздың бір бағыты, бүгін сол үшін жиналып бас қосып отырмыз, мақсатымыз – үкіметтік емес ұйымдар міндетінің негізгі бағыттарын талқылап, алда жүзеге асырылатын жұмыс­тарды нақтылау» деп атап көрсетті Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Талғат Рахманберді.
«Диалог алаңында» қалалық азаматтық бастамалар орталығының жетекшісі және «Камед» қоғамдық қорының атқарушы директоры Махаббат Еспенова сөз алып, «мемлекеттің әлеу­меттік тапсырыстарының ағымдағы жобаларының жүзеге асырылуы туралы айтып, баяндама жасады. Жиын соңында қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды.

Жадыра ШАМҰРАТОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button