Жаңалықтар

Оңалту орталығы ашылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елордада «Тең қоғам» оңалту орталығы ашылды, онда ерекше қажеттілігі бар балалар мамандардың сапалы қызметін тегін ала алады. Жобаны елорда әкімдігі мен «Бақытты шаңырақ» қоры жүзеге асырды. Орталықтың ашылуына Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов қатысты.

[smartslider3 slider=1520]

«Тәуелсіздік күні құтты болсын! Ата-аналар мен балаларды мерекемен шын жүректен құттықтаймын! 30 жыл ішінде біз үлкен жетістіктерге жеттік. Бірақ өзекті мәселелер әлі де көп. Сондықтан біз оның да шешімін табу үшін бірігіп жұмыс істегіміз келеді. Әрбір жанұяға зор денсаулық, амандық және табыс тілеймін!» деді А.Оралов.

«Тең қоғам» орталығы мүгедек балалары бар отбасылар үшін арнайы ашылды. Жаңа туған балалар мен 18 жасқа дейінгі балаларға көмектесеміз. Мұнда білікті мамандар бар. Орталықта сегіз ассистент жұмыс істейді. Олар әр отбасының жағ­дайын біледі және оларға көмектеседі» деді аталмыш орталық жетекшісі Салтанат Рақышева.

Орталықты ашудың маңыздылығын ата-аналар да атап өтті. Бұл орталық – көпшілік үшін үлкен көмек, өйткені мұнда балалар логопедтермен, психологтармен тегін жұмыс істейді, сауықтыру массажын, емдік дене шынықтыруды алады және Монтессори әдістемесі бойынша оқытылады.

Мемлекет басшысының тапсыр­масы бойынша елордада оңалту орталықтарының желісі айтарлықтай кеңейтілді. Биыл жазда көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған балабақша ашылды. Қала аудандарында 29 «Үй маңындағы дәрігер» нысаны ашылды, инватакси саны 2 есе артты. Жаңа үйлердің бірінші қабатында «қадамдық қолжетімділік» қағидаты бойынша балаларға арналған шағын орталықтар, оңалту орталықтары, балабақшалар, медициналық орталықтар және т. б. ашылады. Бұдан басқа, өткен жылы елордада БЦП, аутизм, Даун синдромы және т. б. диагнозы бар балаларды оңалтумен айналысатын бірқатар ірі оңалту орталықтары ашылды. Мысалы, «Асыл мирас» жаңа аутизм орталығы аутистік спектрдің аурулары бар балаларды 50 пайызға көбірек қамтуға мүмкіндік берді. Тұңғыш Президент қоры мен «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен №1 қалалық балалар ауруханасы базасында өткен жылдың күзінде «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды, ол жыл сайын сал ауруына шалдыққан 600-ге жуық баланы тегін медициналық көмекпен қамтуға мүмкіндік береді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button